Атырау, 19 мамыр 18:39
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Өзбекстандағы су қоймасының жарылуы: 17 адамға сот үкімі шықты

2 129 просмотра

Өзбекстанда Сырдария облысындағы су тасқыны ісі бойынша 17 лауазымды тұлғаға қатысты үкім шықты. Сол кезде су қоймасының бөгеті жарылып, алты адам қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Айта кетейік, төтенше жағдай 2020 жылдың мамырында болды. Содан кейін Қазақстан аумағына ірі көлемде су келді. Су тасқыны Түркістан облысының елді мекендеріне елеулі залал келтірді.

Кейіннен Өзбекстанның бас прокуратурасы техногендік апаттың себептерін атады. Апатқа жобалық құжаттардағы, құрылыс пен пайдаланудағы қателіктер себеп болған. Сот алдына ұрлық, немқұрайлық және лауазымдық жалғандық жасады деп айыпталған бірнеше лауазымды тұлға келді.

Өзбекстан жоғарғы сотының хабарлауынша, алты айыпталушы үш жылдан он жылға дейін сотталды.

"Узтемирйулкуришмонтаж" ұлттық компаниясы бас директорының орынбасары, гидротехникалық құрылыс басқармасының бастығы болған М.Холматов он жылға бас бостандығынан айырылды. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады, сондай-ақ лауазымдық жалғандық жасағаны үшін кінәлі деп танылды", – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Холматов адам өліміне әкеп соққан тау-кен, құрылыс немесе жарылыс қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Айыпталушы тағы екі адамның әрқайсысы бес жылға сотталды: оның бірі –тапсырыс беруші тарапынан "Сирдаре сув курилиш инвест" мекемесінің бұрынғы басшысы Абдуназаров; екіншісі – жобалаушы тарапынан UzGIP перспективалық жобаларды жоспарлау бөлімінің бұрынғы басшысы Руднев. Олар 133,8 миллион сум (шамамен 5,4 миллион теңге) айыппұл төлейді.

Қалған айыпталушылар әр түрлі мерзімге сотталды, сондай-ақ ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сардоба су қоймасы 2017 жылы салынған, оның сыйымдылығы 922 миллион текше метр және Сырдария мен Жызақ облысының алты ауданындағы егіс алқаптарына су жіберуге арналған.

13 мамыр 2021, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.