Атырау, 19 мамыр 20:32
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

2 024 просмотра

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

"Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді", – делінген президент құттықтауында.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейтінін, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдыратынын атап өткен.

13 мамыр 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.