Атырау, 7 мамыр 16:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Бекшин Алматыдағы коронавирус жұқтыру туралы

2 431 просмотра

Алматыда коронавирус бойынша жағдай пессимистік болжамға сәйкес дамып жатыр. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшин 2021 жылы 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың күрт өскенін атап өтті.

"Жыл басынан 26 сәуірге дейін қалада коронавирустың 33 мың 230 жағдайы тіркелді. Былтыр 18,5 мың болған. Яғни, 1,8 есе артық. Кейінгі тәулікте 689 жағдай тіркелді", - деді Бекшин.

Ол Алматыдағы жағдай пессимистік болжам бойынша дамып жатқанын айтты.

"Біз пессимистік болжам бойынша дамып жатқанымызға назар аударғым келеді. 14,5 мың жағдай тіркеледі деп болжағанбыз. Сәуірдің үш аптасында 13 697 жағдай тіркелді. Біз жасаған болжамға сәйкес келеді", - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, Алматы әлі де "қызыл" аймақта.

27 сәуір 2021, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.