Атырау, 8 мамыр 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Цой эпидемиологиялық ахуал біршама тұрақтанғанын айтты

2 621 просмотра

Эпидемиологиялық жағдай біршама тұрақтанғанымен, он өңір әлі де "қызыл" аймақта тұр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, ауру жұқтырудың күн сайынғы өсімі наурыздың соңындағы 46%-тен өткен апта ішінде 8%-ке дейін төмендеген.

Ал өлім-жітім өсімі өткен аптада оның алдындағы аптамен салыстырғанда 30%-тен 8%-ке дейін азайды.

"Жағдай біршама тұрақтанғаны байқалады. Өңірлер эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, шектеу шараларын қабылдау және өзгеріс енгізуді жалғастырып жатыр", – деді Цой үкімет отырысында.

Оның айтуынша, қазір "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары орналасқан.

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай облыстары.

"Жасыл" аймақта Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысы тұр.

27 сәуір 2021, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.