Атырау, 7 мамыр 15:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Елжан Біртанов жұмысқа кірді

2 495 просмотра

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Елжан Біртановтың сотта жұмысқа оралуға рұқсат беру туралы өтінішіне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

"Сот Елжан Біртановқа үйден шығып, жұмыс істеуге рұқсат етті. Оны денсаулық сақтау министрлігіне немесе жедел жәрдемге қабылдайсыздар ма?", - деп сұрады журналист Цойдан.

"Қазіргі таңда біз де осындай ақпарат алдық. Білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді", - деп жауап берді Цой.

Еске салсақ, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасынан, яғни бес айдан астам уақыттан бері үйқамақта отыр. Ол аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікке ілінді.

Біртанов денсаулық сақтау министрлігін 2017 жылдан 2020 жылға дейін басқарды.

Сотта экс-министр отбасын асырау үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беруді өтінді. Сәуір айының соңында сот үйқамақ мерзімін 14 мамырға дейін созды, алайда Біртановқа сағат 8:00-ден 19:00-ге дейін сыртқа шығуға рұқсат берді.

Судья Біртановтың асырауында бес баласы (оның үшеуі кішкентай) және қарт анасы бар екенін ескерді.

26 сәуір 2021, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.