Атырау, 7 мамыр 22:56
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"СК-Фармацияның" экс-басшысына қандай айып тағылып отыр

2 335 просмотра

26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотында "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты алғашқы сот отырысы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы, 4 бөлімі, 3-тармағы (Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану) және 287-бабы (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қаралып жатқанын айтты.

9 сәуірде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "СК-Фармация" ЖШС-нің экс-басшысына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтағанын хабарлады.

Қаңтарда "СК-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке алғашында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылғандығы туралы хабарланған, бірақ кейінірек іс салақтық бабы бойынша қайта қарастырылды. Яғни, лауазымды тұлғаның өз қызметіне ұқыпсыз қарауы, адалдық танытпауы бойынша.

2020 жылдың 14 тамызында соттың санкциясымен Берік Шәріп ұсталды.

26 сәуір 2021, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.