Бүгін, 15 сәуір сағат 11:30 шамасында Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері "Бекіре-2021" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өткізілген арнайы операция нәтижесінде Атырау қаласының тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.
- Аталған қылмысқа күдікті 1996 ж.т. азамат анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 339 бабы 1 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Айнұр САПАРОВА