Атырау, 20 мамыр 02:02
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Депутаттар бензин бағасына қатысты шара қолдануды талап етті

2 215 просмотра

Мәжіліс депутаты Альберт Рау Үкімет бензин бағасын реттеу тетіктерін әзірлеп, енгізуі қажет деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің экономикалық реформалар және өңірлік даму комитеті жыл басынан бері АИ-92 маркалы бензин бағасы литріне 150 теңгеден Алматыда 168 теңгеге дейін, Нұр-Сұлтанда 170 теңгеге дейін, Ақтауда 172 теңгеге дейін, Атырауда 200 теңгеге дейін өскенін айтты.

"Бағаның өсуіне Атырау мұнай өңдеу зауытындағы технология қондырғыларының авариялық тоқтатылуы себепші. Өндіріс ақауларының "объективті себептерін" табуға болатынына күмәніміз жоқ. Қарапайым автокөлік иелері бұдан зардап шекпеуі керек", - деді Альберт Рау премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауалында.

Депутат бензин бағасының өсуі тарифтер, тауарлар мен қызметтер бағасына әсер ететінін және одан қарапайым тұтынушылар зардап шегетінін айтты.

"Бұл ретте бензиннің қымбаттағаны туралы жаңалықтан кейін Энергетика министрлігі ведомство жанар-жағармай бағасына жауапты емес деген хабарлама таратты. "Бүгінде ішкі мұнай өнімдері нарығындағы бағалар реттелмейді және нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталады. Тұтынушылар үшін түпкілікті баға - мұнай өнімінің көтерме құны, тасымалға кететін шығын, мұнай базаларында сақтау, жеке шығындар, сондай-ақ акциздер мен салықтар негізінде қалыптасады".
Бұл айқын стратегия және бензин бағасына қолданылатын шаралар жоқтығын куәландырады. Үкімет жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдап, бензин бағасын реттеудің тиімді тетіктерін әзірлеуі және енгізуі керек. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, жанар-жағармай нарығындағы бағалық сөз байласу мен келісімдерге тергеу жүргізуі қажет деп санаймыз", - деп толықтырды Рау.


14 сәуір 2021, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.