Атырау, 19 мамыр 23:44
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда әкімдер сайлауын өткізуге қанша қаражат қажет?

2 124 просмотра

Мәжілісте Қазақстандағы "Сайлау туралы" Конституциялық заң мен оған ілеспе заң жобасына түзетулер қаралып жатыр. 800 әкімнің сайлауына 17,6 миллиард теңге қажет болады. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасында аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлануы көзделген.

67 түзетуді енгізу ұсынылды: сайлауды тағайындау тәртібін белгілеу, кандидаттарды ұсыну, тіркеу, сайлауды өткізу, қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тіркеу тәртібін белгілеу; кандидаттарға қойылатын талаптар; ұсыну тәсілдері; сайлау өткізу кезеңдерінің мерзімі, сондай-ақ кандидаттарды қолдауға қол жинау, дауыстарды санау.

"Әкімдерді тікелей сайлауды қаржыландыру жергілікті бюджет арқылы жүзеге асады. Алайда Бюджет кодексінің жалпы сипаттағы трансферттердің қолданылу кезеңінде жергілікті бюджеттің шығындарын міндетті өтеу туралы нормаларын ескере отырып, таяудағы екі жылда сайлау ОСК арқылы қаржыландырылады. 2023 жылдан бастап бұл шығындар жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына енгізіледі және жалпы сипаттағы трансферттерде есептеу кезінде ескеріледі.
Бұл шамамен 17,6 миллиард теңге, оның 4,8 миллиарды биыл 800-ден аса әкімге сайлау өткізуге жұмсалады", - деп түсіндірді Әлішер Әбдіқадыров.

Президент бұған дейін әкімдерді тікелей сайлау 2024 жылы өткізілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.


13 сәуір 2021, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.