Атырау, 20 мамыр 02:42
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шымкент пен Алматыда студенттер есірткі таратқан

2 185 просмотра

Шымкент пен Алматыда есірткі сатқан студенттер мен жасөспірімдер ұсталды, - деп хабарлайды  Polisia.kz.

3 сәуірде Шымкент полицейлері есірткі таратқан сегіз тұрғынды ұстады. Олардың көбі студент, ал ұсталғандардың төртеуі қыз.

"Олардың бәрі ақша үшін әлеуметтік желі арқылы нұсқау алып отырған. Міндеті алдын-ала дайындалған есірткі заттарын тарату. Іс жүзінде барлық әрекет түнде жасалған. Ол бір-біріне жіберген суреттен анықталды", - деді қалалық полиция департаменті өкілі.

Тексеру барысында ұсталғандардан 116 қапшық синтетикалық есірткі тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Алматыда полиция назарына 20 және 22 жастағы екі адам іліккен. Олар көпқабатты үйлер орналасқан аймақта жүрген.

"Бөлім қызметкерлері күдіктілерді таңғы алтыда "Көктем" ықшамауданында өткізген арнайы шара барысында ұстаған. Нәтижесінде 2000 жылы туған К. есімді және 1999 жылы туған С. есімді жасөспірім ұсталды. Олар бұрын есірткі қылмысы үшін жауапқа тартылған. Іс жүргізу тәртібінде олардан ұнтақ заты бар 72 орама тәркіленді. Осы факт бойынша тергеу және тиісті жедел шаралар жалғасып жатыр", - деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.



13 сәуір 2021, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.