Атырау, 20 мамыр 00:58
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстан мұнайшылары вакцинадан бас тартып жатыр - БАҚ

2 517 просмотра

Қазақстан мұнай өндіруші кәсіпорындары қызметкерінің 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Хабар 24" ке сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметіне сүйенсек, вахта қызметкерлерінің екпе салдырудан бас тартуына ауысымға түсер алдында оқшауда болып, сол кезеңде үстемақы ала алмай қалуы себеп болған.

"Олар іссапарда Еңбек кодексіне сәйкес белгіленген уақыттан көп уақыт өткізсе жалақыға қосымша ақы алады. Бұл жағдайда вакцинациялау олар үшін тиімсіз. Өйткені жоғары коэффициенттер болмайды", - дейді Мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Рашид Жақсылықов

Рашид Жақсылықовтың айтуынша, бұл Теңіз кен орнында бірқатар жұмысты тежейді.

Айта кетейік, мұнай өндіруші компания нысандарына қазірдің өзінде препараттың 90 мыңға жуық дозасы жеткізілген. 


13 сәуір 2021, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.