Атырау, 19 мамыр 23:23
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандықтар ұшаққа анықтамасыз кіре алмайды - жаңа қаулы шықты

2 275 просмотра

Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта ПТР-сынмасы теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы жоқ жолаушылар ұшақ бортына жіберілмейтіні көрсетілген. Бұл шетелден Қазақстанға ұшып келетін рейстерге қатысты.

Бұған дейін қаулыда анықтама қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде шетел азаматтарында болу керегі айтылған еді. Енді ереже барлық жолаушыға қатысты. Анықтама 3 күнге жарамды.

Анықтамасы жоқ қазақстандықтарды COVID-19-ға тексеру үшін екі тәулікке оқшауға алады деген талап алып тасталды.

Сондай-ақ, қаулыда:

"Карантин шараларын қатаңдату туралы шешімді облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитария дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылдайтыны көрсетілген.

Карантин шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігері қабылдайды".

13 сәуір 2021, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.