Атырау, 18 мамыр 09:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​«Бекіре-2021»: «қауіпті жердегі» бекеттер, қайық пен дрондар

2 513 просмотра

Атырауда «Бекіре-2021» балық қорғау акциясы қарсаңында ҚР балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман ЖҮНІСОВТЫҢ қатысуымен үйлестіру штабының отырысы өтті. Алдағы жоспар туралы – «АЖ»-ның қысқа сұхбатында.

– Біз бірқатар мәселені талқыладық, атап айтқанда, ең «қауіпті нүктелерді», мысалы, Исатай ауданының Жанбай және Забурын ауылдарын және блок бекет қоюға арналған орындарды анықтадық, - дейді Н. Жүнісов. – 37 стационарлық және жылжымалы бекет орнатылды. Қажеттілік туындаса, олардың саны көбейеді. Жалпы Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша «Бекіре-2021»-ге түрлі ведомстволардың 1019 қызметкері, 90 жүзу құралы және 80 бірлік автокөлік жұмылдырылған.

- «Бекіре» сияқты акциялар браконьерлікті тоқтата алатынына сенімдісіз бе?

- Әрине, олар өте қажет. Әсіресе, браконьерлер белсенділік танытатын балық аулау маусымында бірнеше балық қорғау органдарының (сонымен қатар шекарашылардың) бірлескен қарқынды жұмысы өз жемісін береді. Бұл ретте акцияны өткізу тәсілін жаңғырту, атап айтқанда, жаңа технологияларды пайдалану маңызды.

- Мысалы?

- Браконьерлік фактілерді анықтау үшін үлкен аумақты жасырын қамтуға мүмкіндік беретін дрон сияқты ұшу аппараттарын қолдануды жоспарлап отырмыз. Бұл уақыт, ақша және күш үнемдеуге мүмкіндік береді. Көбіне браконьерлер ұсталған кезде қылмысын жасыру үшін жаңа ауланған балықты суға тастай салады. Ал бейнетаспаға түсірілетін болса, онда олар оңайлықпен құтыла алмайды. 

Айнұр САПАРОВА

13 сәуір 2021, 01:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.