Атырау, 18 мамыр 10:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Жағдай 3 есе нашарлады" - Цой коронавирус жұқтыру туралы

2 271 просмотра

2021 жылы сәуірде Қазақстандағы коронавирус жағдайы наурызбен салыстырғанда 3 есе нашарлады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цойдың айтуынша, коронавирус жұқтырғандар саны Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа Қазақстанның барлық өңірінде өсіп жатыр. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанушылықтың 61 пайызы үш өңірге тиесілі - Нұр-Сұлтан, Алматы және Алматы облысы.

"Биыл сәуірде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Сәуірдің алғашқы 11 күнінде коронавирустың 24 955 жағдайы тіркелді. Наурыздың осы кезеңімен салыстырғанда вирус жұқтыру дерегі үш есе өсті. Тәулігіне 2 800 науқас тіркеледі", - деді Цой Үкімет отырысында.

Ол сырқаттанушылықтың өсуімен қатар өлім жағдайы көбейгенін атап өтті. Мәселен, наурызда ақпанмен салыстырғанда КВИ-ден қайтыс болғандар саны 1,4 есе өсті.

"Өлім жағдайларының 57 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облыстарына тиесілі. Сәуірде бір тәулікте тест тапсыратындар саны 48 мыңға дейін артқаны байқалады. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бүкіл ел бойынша қосымша шектеу шаралары қабылданды", - деп толықтырды Цой.

Министрдің айтуынша, 12 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 30 109 инфекциялық төсек бар, оның 41 пайызды бос емес. Резерв қор - 32 065 төсек.

"Инфекциялық төсектердің көп бөлігі Алматы облысында, Алматы мен астанада бос емес. Сонымен қатар, елорда мен Алматының әрқайсында 1200-ге жуық төсек-орын резерві бар", - деді ол.


12 сәуір 2021, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.