Атырау, 18 мамыр 09:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Имам: Пандемия жағдайында сәресі ішудің маңызы зор

3 057 просмотра

Елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов ораза кезінде сәресі ішуден бас тартушыларға кеңес айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ораза ұстаған жандар сәресіні ішуге мән беруі керек. Көп жағдайда кей адамдар ораза кезінде қарным ашпайды деген желеуді алға тартып, таңсәріде тамақ ішпей, аузын бірден ашып жатады. Бұл – үлкен қателік. Жалпы біздің мұсылмандардың ораза ұстауындағы үлкен бір ерекшелігі сәресі ішуде. Пайғамбар хадисте «Сәресі ішіңдер, сәресіде береке бар» дейді. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, әрбір ораза ұстайтын адамды таңсәрідегі азық-ақуатқа жіті мән беруге шақырамыз. Адам ағзасына керекті әр түрлі дәрумендер мен пайдалы тамақтарды жеп, сәресі ішуге шақырамыз», - деді Ерболат Жүсіпов. 

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Рамазан айында мешітке келудің тәртібін түсіндірді. Еске салсақ, осы брифингіде елордалық еріктілердің ауызашар қоржынын жеткізуге көмектесетіні айтылды.

9 сәуір 2021, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.