Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда бүгін де Covid-19 жұқтырғандар көп: 149 жағдай тіркелді

3 491 просмотра

Соңғы тәулікте өңірімізде коронавирус инфекциясын  жұқтырған 149 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жұқтырғандардың ішінде Атырау қаласынан 101, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 17 адамнан анықталды.

Аудандарда да ауру көп таралып жатыр. Кеше Covid-19  Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 1, Индер ауданының 14, Құрманғазы ауданының 5, Махамбет ауданының 2 және Мақат ауданының 3 тұрғынынан анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 68 науқаста ауру белгілері бар, ал 81 адамда белгі байқалмайды.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 65 науқас сауығып шықты.

Қазір 605 адам үйден, 192 – модульді ауруханада, 23 науқас  облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 83 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 194 адам емделіп жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша – “қызыл” аймақта тұр.

Ауруханалардың жүктемесі

9 сәуірдегі мәлімет бойынша, COVID-19-дан 492 адам емделіп жатыр. Жүктеме 25,5% құрайды (1993 орын)

Жансақтау бөлімшелерінде 22 науқас жатыр, оның 5 ИВЛ аппаратына қосылған. Жүктеме 30,9% құрап отыр (71 орын)

Вакцинация туралы

8 сәуірдегі ақпарат бойынша, "Спутник V"  вакцинасының І компонентін 560 адам қабылдады. Оның 67 медицина қызметкерлері, 49 педагог, 14 полиция қызметкері, 7 студент, жабық мекеменің 6 қызметкері, құқық қорғау органдарының 25 қызметкері, 32 мемлекеттік қызметкер, созылмалы ауруы бар 4 адам және 354 жергілкті тұрғын.

1 ақпан мен 8 сәуір аралығында «Спутник V» вакцинасының І компонентімен 6708 адам егілді, ІІ-компонентті 2570 адам қабылдады. 

9 сәуір 2021, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.