Атырау, 18 мамыр 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Теңіздегі жағдайды экологтар тексереді

Бейнежазба
2 885 просмотра

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде Теңіз кенішіндегі мұржадан ақ-сары түтін шығып жатқаны туралы видео мен фото таралып жатыр.

Экология департаменті 7 сәуір сағат 15:20-да КТЛ-2-де С511 қондырғысы автоматты түрде бұғатталғанын хабарлады. Соның салдарынан ластаушы заттар ауаға шығарылған. Қазір ТШО автоматты бұғаттаудың қалай қосылып кеткенін анықтап жатыр.

Департаментте «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады.

Кейін ТШО «7 сәуірде өндірістік нысандардың бірінде қысқа мерзімді шығарынды орын алды, бұл өндірістің ішінара қысқаруына әкелді» деп растады. ТШО баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір оқиғаның себебі анықталуда. ТШО мүмкіндігінше өндірістің қалыпты деңгейіне қайта оралуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, барлық қызметкерлер осындай оқиға кезінде қауіпсіздік кезіндегі стандартты шаралар аясында эвакуацияланды.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

8 сәуір 2021, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.