Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Индерлік лавандасыз да Францияның таңы атады

2 714 просмотра

2015 жылы Индер ауданында француз парфюмерия фабрикалары үшін лаванда отырғызуға бөлінген 1500 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек ЕРМЕКҚАЛИ мәлімдеді. 

Оның айтуынша, бұл жерді NAVA GRA ЖШС жалға алған, оның құрылтайшылары - 75% үлесі бар Франция азаматы және 25% үлесі бар Қазақстан азаматы. 

- Бұл жер учаскесі 2015 жылы Франция азаматына 25 жылға жалға берілген. Яғни, бұл ауыл шаруашылығы мақсатында пайндаланылатын жерлерді сатуға және жалға беруге бес жылдық мораторий қабылданған 2016 жылға дейін болды. Қалай болғанда да учаске қолданылған жоқ, сондықтан қазір оны мемлекетке қайтару процедурасы жүріп жатыр, - дейді Ермекқали. Оның айтуынша, бұл Атырау облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер шетелдік азаматқа жалға берілген жалғыз факт. 

Бұдан басқа, былтыр облыс бойынша 160 меншік иесінен пайдаланылмаған 274 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды: Құрманғазы ауданында 161 мың гектардан астам, Исатай ауданында 2 мың гектардан астам, Индер ауданында 65 мың гектардан астам, Қызылқоға ауданында 18 мың гектардан астам, Махамбет ауданында 15 мың гектардан астам, Жылыой ауданында 15 мың гектардан астам, Атырауда - 1875 гектар. 

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жалпы ауданы 2 миллион 883 мың 903 гектарды құрайды. 

Өткен жылы облыс бойынша конкурс арқылы жалпы ауданы 314,3 мың га болатын ауылшаруашылық мақсаттағы 388 жер учаскесі бөлінді. Ал кәсіпкерлік мақсатта аукцион арқылы жалпы ауданы 114,9 га 114 жер учаскесі 81 млн 204 мың теңгеге сатылды.

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бастығы Гүлзия ҚҰРМАНОВАНЫҢ айтуынша, биыл жер пайдалануды жоспардан тыс тексеру барысында 24 заң бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 8 489 497 теңгеге айыппұл салынған. 

- Бұдан басқа, Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, кәсіпкерлік мақсаттағы пайдаланылмаған 8 жер учаскесін қайтару туралы сотқа талап арыз берілді. Бір талап арыз қанағаттандырылды, қалғаны қарастырылып жатыр, - деп атап өтті Құрманова. 

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелері бойынша. Қазір кезекте 118 363 адам тұр, оның 90 мыңға жуығы Атырауда. Өткен жылы 1488 жер учаскесі бөлінді. Қазір 1999-2005 жылдары кезекте тұрған тұрғындарға Зарослый, Дамбы, Атырау ауылдық округтерінен учаскелер бөлінуде. 

Айнұр САПАРОВА

6 сәуір 2021, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.