Әлия Назарбаева "Жасыл ел" еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгінде "Жасыл ел" еңбек жасақтарының өңірлік штабы Шымкенттен басқа барлық облыста бар және оған қосылған адамдардың саны 20 мыңнан асады.
"Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы Әлия Назарбаева "Жасыл ел" еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы болды. Бұл туралы 5 сәуірде өткен "Жасыл ел" еңбек жасақтары кеңесінің I отырысында жарияланды", – делінген ресми хабарламада.
6 сәуір 2021, 11:17