4 сәуірде футболдан ел чемпионатының 3-турында «Атырау» командасы «Мұнайшы» стадионында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Карантиннің күшеюіне байланысты матч көрерменсіз өтті.
Чемпионат сәтсіз басталғаннан кейін (екі турдағы екі жеңіліс) алаң иелері өз алаңында ұпай жинауға міндетті еді. Ойын жаман басталмады: 33-минутта «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Рафаэль ОСПАНОВ қақпашымен бірге-бір қалып, гол соқты. Бірақ 7 минуттан кейін «Ақтөбе» шабуылшысы Максим ФЕДИН пенальтимен есепті теңестірді. 73-минутта біздің ойыншыларымыздың біріне айып добы салынып, пенальтиді Мукан ЭРВЕЙН жүзеге асырды. Алаң иелері есеп теңестіргісі келгенімен, қарсы шабуылға тап болды: 82-минутта «Ақтөбе» ойыншысы Рифат НҰРМАҒАМБЕТ есепті 3:1-ге жеткізді. Осы нәтижемен матч аяқталды.
Әзірге жағдай нашар. Бастамадан-ақ команданың қатарынан үш жеңіліс тапқанына клуб басшылығы мен бапкерлер құрамы ойлануы керек. Алда, 4-турда Астанада біздің командамызды «қатал шайқас» күтіп тұр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ