Атырау, 19 мамыр 20:33
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

3 сәуірде Атырауда тұрғындарды жаппай вакциналау басталды

2 603 просмотра

Бұл туралы 3 сәуірде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 22 егу пункті демалыссыз жұмыс істейді. 18 жастан асқандарға тіркелген жеріндегі емханада екпе алуға болады. Бірақ әзірге бәрі емес.

- Биылғы 3 сәуірден бастап санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі №24-27-03/346 хатына сәйкес, халыққа жаппай вакцина егу үшін «Спутник V» вакцинасы қолданылады. Тізімге вахта жұмысшылары, қаладағы кәсіпорындардың жұмысшылары және басқа да санаттар кіреді. 2 сәуірде өңірге 3600 доза келді, олар облыстағы 22 егу пунктіне таратылды, - деді Байдуәлиев.

Вакцина екпес бұрын пациент учаскелік дәрігерге қаралуы керек, ол дене қызуы мен қан қысымын өлшейді, қарсы көрсетілімдердің - аллергиялық реакциялар, қант диабеті және басқа созылмалы аурулардың бар-жоғын тексереді. Барлық дерек пациенттің электронды картасына енгізіледі және қарсы көрсетілім болмаса, вакцина егуге рұқсат беріледі.

2 сәуірге дейін Атырау облысына барлығы 3600 доза вакцина екі партиямен қабылданып, 3 598 адамға екпе егілді, оның 42-сі - мемлекеттік қызметкерлер, 1611-і - медицина қызметкерлері, 1413-і - педагогтар, 486-сы - полиция қызметкерлері, 46-сы – басқа тұлғалар.

Вакцинаның өндірілген жері туралы сұрақ көп түсіп жатыр. Соңғы партияның алдыңғы екеуінен айырмашылығы: бұл ресейлік препарат, Қазақстанда оралған. 15 сәуірде бізге тағы екі компонентті вакцинаның 9 мың дозасы келуі керек, бұл Қазақстанда жасалған вакцина болуы мүмкін. Әр жаңа партия келген сайын вакциналау аясы кеңейеді. «Бұдан басқа, қытайлық вакцинаны жеткізу жоспарланып отыр», - деді А.Байдуәлиев. «Облыста вакциналаудан кейін асқыну жағдайлары тіркелді ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, ол жеңіл әлсіздік, дене қызуы сәл жоғарылаған жекелеген жағдайлар болғанын айтты. Мұндай реакциялар болуы мүмкін.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 сәуір 2021, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.