Атырау, 19 мамыр 19:25
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жыл басынан бері төрт мыңға жуық этникалық қазақ елге оралды

2 186 просмотра
Сурет: alauinform.kz

Қазақстанда 2021 жылдың басынан бері төрт мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Sputnik еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

"2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 966 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (75,6%) Өзбекстаннан, 11,9%-і – Қытайдан, 5,8%-і – Түркіменстаннан, 3,0%-і – Моңғолиядан және 3,6%-і – басқа елдерден", - делінген ведомствоның ресми сайтында.

Министрліктің ақпаратынша, елге оралған этникалық қазақтар, негізінен, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ, Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларына қоныстанды.

1 сәуірдегі жағдай бойынша атажұртқа оралған этникалық қазақтардың 59,9%-і – еңбекке қабілетті жаста, 24,1%-і – еңбекке қабілетті жастан кіші және 16%-і – зейнеткерлер.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға шамамен 1 миллион 74,3 мың қандас оралды.

5 сәуір 2021, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.