Атырау, 19 мамыр 20:46
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Атырау облысында 103 адамнан COVID-19 анықталды, көбі қала тұрғындары

2 960 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны көбеюде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті індетті жұқтырған 79 науқас Атырау қаласынан тіркелген. Ал, скрининг нәтижесінде  Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырған 16 науқас анықталды.

Сондай-ақ, Жылыой ауданынан 4, Индер ауданынан 10, Құрманғазы ауданынан 2 адамнан коронавирус анықталған.

Осы індетке тап болған 45 адамда аурудың белгілері бар, ал 58 адамда байқалмайды.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 69 науқас сауығып шықты.

Қазір 454 науқас үйден емделіп жатыр, 175 - модульді ауруханада, 55 - аудандық инфекциялық ауруханаларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда ем алып жатқан 255 адам бар.

Айта кетейік, Атырау облысы - коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша “қызыл”аймақта тұр.

 

Ауруханалардың жүктемесі бойынша

5 сәуір күнгі ақпарат бойынша, 485 адам COVID-19-дан емделіп жатыр. Аурухананың жүктемесі 25,1 % (1993 орын). Жансақтау бөлімшелерінде 15 науқас бар, оның 1-і ИВЛ аппаратына қосылған. Бөлімшелердің жүктемесі 21,1% (71 орын). 

5 сәуір 2021, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.