Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда вакцинация бойынша арнайы жоба әзірленді

2 967 просмотра

Алматыда вакцинация бойынша арнайы жоба әзірленді. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша біз қазір көп мөлшерде вакцинаның келуін күтіп отырмыз және оны бөлу бойынша арнайы штаб құрылды. Оған қоса Алматының вакцинациялау жұмысының жоспарын жасап шықтық, оны бүгін қала әкімімен бекітеміз. Вакцинациялау бойынша үлкен жұмыс атқарылды және оған қаланың бизнес қауымдастығы да тартылды. Қазір қаладағы ірі сауда үйлері мен базарларда, мектептерде вакцина салу орындарын ашу мәселесі қаралып жатыр», - деді Лаура Мырзағали.

Алматыда қазір 56 екпе салу кабинеті жұмыс істеп тұр, оның 16-сы жекеменшік ұйымдарда. Бұған дейін Алматы әкімі қалаға ай сайын 250 мың доза вакцина бөлінетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, сәуір айында мегаполисте 250 вакцина пуктері ашылады. 

Қоғамдық денсаулық басқармасы ашылатын вакциналау пункттерін қажетті медициналық жабдықтармен және мамандармен қамтамасыз ететін болады. Ал қаржылық шығындарды есептеуді Алматы әкімдігінің стратегия және бюджет басқармасы жүзеге асырады. Бұдан бөлек, бизнес қауымдастық тасымалдау, сақтау, үй-жай беру және вакциналау пункттерін ұйымдастыруға тегін қолдау көрсетеді.


2 сәуір 2021, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.