Атырау, 18 мамыр 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Қызыл аймақтағы" сенбілік

2 871 просмотра

Атырау билігі 3 сәуірге қалалық сенбілік жариялады. ТКШ бөлімі Атырау қаласындағы коммуналдық мекемелер мен мемлекеттік орган қызметкерлерін сенбіліккке шақырып, хат жолдады. 

«АЖ» тілшісі өңір коронавирус жұқтыру қарқыны бойынша "қызыл аймақта" тұрған кезде сенбіліктің маңыздылығы туралы сұрақ қойды.

- Жаппай сенбілік болмайды. Тек әр мекеме өзінің айналасын тазалап, жөнге келтіреді. 4-5 адам шықса да болады. Біз тек ұсыныс жасадық, - дейді қалалық ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Кенжебек КАМАЛИДЕНОВ. 

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕННІҢ айтуынша, сенбілікке шықпай қалу – тәртіп бұзған болып есептелмейді, себеб ерікті түрде өтеді. 

- Әр мекеме өз ауласын таза ұстауы қажет. Сол себепті өткізіп жатырмыз. Көп адам жиналмай, бөлініп жасаса да болады. Кейін жиналған қоқысты «АрнаулыАвтоБаза» ЖШС қызметкерлері жинап әкетеді.

«АЖ» мәлім болғандай, сенбілікке «шақырту хатын» «ҚазТрансГазАймақ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы, «АтырауОблысыСуАрнасы» КМК және мемлекеттік мекемелер алған.

Фархат ӘБІЛОВ

3 сәуір 2021, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.