Атырау, 18 мамыр 17:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Рамазан айы қашан басталады

5 019 просмотра

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының басталатын күнін, Қадір түні және Ораза айттың мерзімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының айтуынша, биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады.

"Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні", - деді Құрбанұлы мүфтияттың кеңейтілген төралқа мәжілісінде.

Ал жиынды ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағаттың ыңғайына қарай онлайн дәрістер мен Құран үйрету сабақтарын өткізуді жалғастыру қажеттігін жеткізді. Халыққа пайдалы уағыз тарату мақсатында тікелей эфирлер ұйымдастырып, мүмкіндігі жоқ жандарға ауызашар пакеттерін жеткізу шаралары да қолға алынады.

"Санаулы күндерден соң қасиетті Рамазан айы кіреді. Мұсылман үмбеті үшін Рамазан – сондай бір ерекше ай. Еліміздегі қаншама бауырларымыз осы айды күтеді, оразасын ұстайды. Мейірім мен кешірімге, сауапқа толы айды әдеттегідей өз деңгейінде өткізуді Алла нәсіп етсін! Қазіргі жағдайды ескере отырып, ең бастысы тазалық пен тәртіп жағына көңіл бөлсек. Осы айда мейлінше қайырымды істерді көбірек атқаруға шақырамын", - деді Тағанұлы.

Айта кетейік, мәжілісте пітір садақаның мөлшері де бекітілді. Биыл оның көлемі 420 теңге болады.

2 сәуір 2021, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.