Атырау, 18 мамыр 18:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырады

2 905 просмотра

Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, салдарынан кем дегенде 40 адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik  РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Хуаялянь уезіндегі Дацин туннелінде жергілікті уақытпен сағат 09.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 07.00-де) болды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, сегіз вагоннан тұратын пойыз туннельдегі жолдың тастарын тазалап жатқан көлікпен соқтығысқан. Екінші және үшінші вагон рельстен шығып кеткен.

Қайғылы оқиғадан кем дегенде 40 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақат алды деп хабарланды. Пойыз 350 жолаушыға есептелген.

Қазіргі уақытта құтқару операциясы жүріп жатыр. Вагондарда 72 адам қалып қойған. Көз жұмғандар саны әлі де артуы мүмкін.

2 сәуір 2021, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.