Атырау, 18 мамыр 17:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Масаға қарсы майдан басталды

2 734 просмотра

Атырауда сегізінші жыл қатарынан «AG Disinfection Services» ЖШС масаларды дәрілеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Жұмыс сапасы қала тұрғындарының көңілінен шықпайды, жазда масалар адамның берекетін алып, зықысын шығарады. «AG Disinfection Services» қызметкерлері мұны қансорғыштардың жаңа препараттарға тез үйреніп кететінімен түсіндіреді.

Биыл Атырауда масаларды жоюға 126 миллион теңге бөлінген. Еске салсақ, 2017 жылы бұл сома 52 миллионға, 2018 жылы - 114 миллионға, 2019 жылы - 127 миллионға тең болды. Өткен жылы 3 айға 65 миллион теңге бөлініп, тендерді «AG Disinfection Services» ЖШС ұтып алып, 38 млн теңгеге - басқа қатысушылармен салыстырғанда ең үнемді ұсыныс жасады. Екінші жартыжылдықта дезинсекция жұмыстарына тендер өткізілмеді, үнемделген 27 млн теңге есебінен дезинсекция жұмыстары жүргізілді.

- Біз жұмысты өткен аптада бастадық. Біз жертөлелерді – подъездер мен цоколді қабаттарды, ашық су қоймаларын улаймыз. 9 бригада жұмыс істейді, - дейді «AG Disinfection Services» ЖШС директорының орынбасары Нұрлыбек АХМЕДИЯРОВ. -  Өңдеуді қажет ететін Атырау мен оның маңындағы аумақтар үнемі көбейіп тұрады, қала жаңа аудандармен кеңейіп келеді. Бірақ ең үлкен мәселе - масалар жаңа препараттарға тез үйренеді. Іс жүзінде барлық препараттар бірнеше заттар негізінде дайындалады. Бұл антибиотиктер сияқты – құрамында пенициллинді, цефалоспоринді және т.б. түрлері бар. Бірінші жыл пайдаланғанда әсер етеді, ал екінші жылы әсері болмайды. Қазір біз белгілі бір нәтижеге жету үшін түрлі препараттарды араластыруға мәжбүрміз.

Ол ашық су айдындары мен ПИК-ке біріктірілмеген «иесіз» үйлердің су басқан жертөлесін «проблемалы» аймақтар деп атады. Мұндай үйлер Лесхоз ықшам ауданында көп.

Дегенмен, ақпан айында есеп берген кезде Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ 2020 жылдың жазынан бастап әкімдік көп қабатты үйлердің жертөлесін құрғату жұмыстарымен айналысып жатқанын мәлімдеді. 2021 жылдың басында жеті үй құрғатылған.

Коммуналдық қызметкерлер 67 үйдің жертөлесін құрғатуды жоспарлаған. Қала басшысы жертөлелерді тазарту ПИК-тің міндеті екенін, бірақ қаланың әкімдікке жертөлелері нәжіс суға толған, подъездері ылғал және жағымсыз иіс шығатыны туралы шағыммен барған тұрғындарға қолдау көрсетіп жатқанын атап айтты.

Көбіне мұндай жағдайға үй тұрғындарының өздері кінәлі болып шығады, олар үй жанындағы құдықты тазалаудың орнына, құбырларды бұзып, сарқындыларды тікелей жертөлеге төгеді.

2021 жыл басынан бері Баймұханов (№33, 33а, 39а, 43, 47, 47а, 48, 53), Берғалиев (№14 және 43), Абай (№15, 17а, 21) және Молдағалиев (№26 және 28) көшелеріндегі көпқабатты үйлерде жертөлеішілік кәріз жүйесі жөнделуде. 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында Огородная және Гайдар көшелеріндегі, Сәтпаев даңғылындағы және Лесхоз ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің жертөлесі құрғатылып, жертөлеішілік кәріз жүйесі жөнделеді. Бұдан басқа, былтырдан бері Ерік Мостовой каналы қамыс пен қоқыстардан тазартылуда, суық түскенше каналдан үнемі су шығарылды.

Мұның бәрін мен Нұрлыбек Ахмедияровтың есіне салып, әкімдіктің бұл қызметі биыл масалардың аз болатынына кепіл бола ма деп сұрадым. Оның жауабы онша сенімді болмады:

- Көбею үшін масаларға тек бір бөшке су жеткілікті, ал Мостовой өзегі канал ғой, оның ішінде су болады. Біздің мақсат - масаларды жою, бірақ мұны жасау оңай емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 сәуір 2021, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.