Атырау, 18 мамыр 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Балалар ауруханасы: әуелі комиссия тексерді, енді қылмыстық іс бойынша тергелуде

3 502 просмотра

Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық балалар ауруханасының экс-директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Ол басқа адамдармен бірге жалпы сомасы 8 миллион теңгені құрайтын мемлекет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

«АЖ» мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-тармағы (Ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлердің айтуынша, 2018-2019 жылдар аралығында тергеуге алынған тұлға сыйақыларды заңсыз есептеген, сондай-ақ балалар ауруханасының ақшалай қаражатын қызмет көрсету жөнінде жасалған келісімшарттар шеңберінде кәсіпкерлердің есепшотына аударған, ал бұл қызметтер іс жүзінде орындалмаған.

Сонау 2019 жылы «АЖ» комиссия облыстық балалар ауруханасында бірнеше өрескел заң бұзушылық анықталғанын жазған еді. Мысалы, операция жасауға қажетті атропин, адреналин, сондай-ақ антибиотиктер мен басқа да қажетті препараттар болмаған. Бұдан басқа, ауруханаға «интубациялық түтік» аппараты жеткізілмеген, ал реаниматологтар мен анестезиологтар тиісті өтінім берген.

Бас дәрігер жеке компаниялармен түгендеу, салық және жалақыны есептеу үшін 5 миллион 200 мың теңгеге келісімшарт жасаған, сонымен қатар 3 миллион теңгеге жеке компаниядан мұрағат қызметін сатып алған, алайда аурухана штатында бұл мақсатта өз мамандары бар. Аурухана өз қызметін насихаттау үшін 3 миллион 616 мың теңге көлемінде ІТ мамандарының қызметін сатып алған, бірақ тексерушілер аурухана сайтынан да, әлеуметтік желіден де PR материал таба алмады. Немесе: көгалдандыруға 1 миллион 252 мың теңге бөлініп, бірақ ешқандай жұмыс жүргізілмеген.

Тергелуші 2018-2019 жылдары балалар ауруханасын басқарды, ал 2020 жылдың тамызынан бастап бұл қызметті Нұрқабыл Айтмұхамбетов атқарады.

Фархат ӘБІЛОВ 

2 сәуір 2021, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.