Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Нәрестенің өлімі туралы іс» бойынша апелляция: судьялардан бас тарту өтініші қанағаттандырылмады

3 660 просмотра

1 сәуірде «нәрестенің өлімі туралы іс» бойынша апелляциялық шағымды қарап жатқан кезекті сот отырысы өтті. Қылмыстық істер жөніндегі алқа бес сотталушының адвокаттарының Атырау облыстық сотының барлық құрамына қарсылық білдіріп, басқа өңірдің облыстық сотына апелляциялық шағым жолдау туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдыруға шешім қабылдады.

Құрамында Сандуғаш СҮЛЕЙМЕНОВА, Дина ТҰХПАТОВА және төраға Тәтті УӘЛИЕВА бар қылмыстық істер жөніндегі алқаның пікірінше, бірінші сатыдағы судья Гүлмира ДӘУЛЕТОВАНЫҢ БАҚ-тағы сот үкімін түсіндіруі апелляциялық шағымға еш қатысы жоқ және бұл істі екінші сатыда қарауға еш әсер етпейді.

Айта кету керек, Г. Дәулетова жақында облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының судьясы болып тағайындалды. Бірақ ол бұл апелляцияны қарауға қатыспайды. «ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабына сәйкес, бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істі қарауға қатысқан судья осы істі апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға қатыса алмайды», - делінген қаулыда.

Келесі отырыс 9 сәуірге белгіленді.

Айнұр САПАРОВА

2 сәуір 2021, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.