Атырау, 18 мамыр 18:18
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда COVID-19 жұқтыру қарқыны күшейіп барады

2 343 просмотра

Кеше бір тәулік ішінде 80 адамнан инфекция расталған Атырау қаласы коронавирус індетін жұқтырудың негізгі ошағы болып отыр, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірде кеше барлығы 103 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 80 Атырау қаласының тұрғындары. Скрининг нәтижесінде Теңіз кенішінен 15 науқас анықталды.

Сондай-ақ Құрманғазы ауданының 4 тұрғыны, Махамбеттен – 3, Индерден 1 адам осы індетті жұқтырып алған.

37 науқастың бойында аурудың белгілері бар, ал 66 адамда ол байқалмайды.

Белгілі болғандай, кеше 54 жергілікті тұрғын коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Қазір 278 адам үйден ем қабылдап жатыр, модульді стационарда – 164 науқас, аудандық ауруханаларда – 38 науқас емделіп жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық ауруханада – 261 науқас бар.

Атырау облысы COVID-19 таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» тұр.


2 сәуір 2021, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.