Атырау, 18 мамыр 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бауыржан Тұхфатов Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы қызметінен босатылды

3 176 просмотра

Атырау облыстық әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Бауыржан Зайнеденұлы Тұхфатов өз өтінішімен облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымға 2020 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын, - деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі  

Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері Атырау облысында электр қуатына қатысты іркілістер орын алған болатын. 10-17 қаңтар аралығында Атырау тұрғын үй массивтері мен облыс аудандарында электр қуаты кезекпен ажыратылған еді.

Жуырда астаналық технологиялық ақауларды тергеу комиссиясы қолайсыз ауа райы жағдайлары мен «тәждік разрядтар» салдарынан «KEGOS» АҚ Батыс ЖЭТ филиалының жоғары вольтты жабдықтарындағы іркілістер Атырау облысындағы қуаттың өшуіне себеп болды деп тұжырым жасады.

«Тұман мен жаңбыр кезінде атмосфералық ылғал оқшаулағыштардың сыртқы қабатына түсіп, осыған байланысты ток өткізгіш қабат пайда болды, бұл қосалқы станцияларда көптеген және жаппай «тәждік разрядтарды» тудырды», - деп қорытындылады комиссия.

2 сәуір 2021, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.