Атырау, 18 мамыр 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Көктемгі егіс науқаны: тракторлар және 500 шетелдік

2 856 просмотра

Облыс әкімдігінде өткен жиында ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Амангелді САЛАМАТ  көктемгі егіс науқанына дайындық туралы баяндады. Шетел азаматтарынсыз (Өзбекстан азаматы деп оқыңыз) бұл мәселені шешу оңай болмай тұр: Саламаттың айтуынша, бес жүздей шетелдік азаматқа маусымдық жұмыстарға байланысты шекарадан өтуге рұқсат берілген.

А.Саламат, сондай-ақ, ағымдағы жылы егістік жұмыстарымен 1 600 жуық адамы бар 390 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс жасайтынын хабарлады. Оған қоса көктемгі егіс жұмыстарын атқаруға 862 трактор мен ауыл шаруашылығы техникалары толық дайын. Биыл тамшылатып суару технологиясымен егілетін егістік көлемін 161 гектарға ұлғайтып, 3167 гектарға жеткізуге, жаңбырлатып суару технологиясын 80 гектарға ұлғайтып, 776 гектарға жеткізу жоспарлануда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 сәуір 2021, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.