Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбегі

2 711 просмотра

26 наурызда атыраулық полиция қызметкерлері қоғамдық орында мас күйде жүрген 38 жастағы Түркістан қаласының тұрғынын анықтады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу») бойынша хаттама толтырылып,  5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, оның 2017 жылдан бастап алимент төлеуден жалтарып жүргені және осы факт бойынша халықаралық іздеуде екендігі анықталды. Ұсталған азамат процессуалды шешім қабылдау үшін Атырау қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді.

 

* * * * *

Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Сергек» бейнекамерасы арқылы екі мас жүргізушіні анықтады. 26 наурызда түнгі сағат 02:37-де Геолог ықшамауданының соңғы аялдамасында 39 жастағы «Toyota» жүргізушісі «Рахила» дүкенінен шығып, қисалаңдап барып өзінің көлігіне жетті. Бірақ ол алысқа ұзай қойған жоқ: патрульдік полиция көлікті тоқтатып алды, тексергенде оның мас болғаны анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен («Мас күйінде көлік жүргізу») әкімшілік хаттама толтырылып, сот 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға шешім шығарды.

28 наурызда сағат 23.00 шамасында Балықшы ықшамауданының Алтынкөл көшесінде «Lada Priora» автокөлігі тоқтатылды. Оның да жүргізушісі мас күйде болды. Оған да сол 608-бап бойынша хаттама толтырылып, құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

1 сәуір 2021, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.