Атырау, 18 мамыр 14:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Өртеніп жатқан қамысқа «Шерп» жете алады

Сурет
2 884 просмотра
Фото: azh.kz/FarkhatAbilov 

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті жол талғамайтын-батпақта жүретін «Шерп» көлігін сатып алды. Көлік Атырауға жеткізілді.

- Көлік жергілікті бюджеттен 50 миллион теңгеге сатып алынды. Ол жетуі қиын жерлерде, батпақты жерлерде, қарлы алқапта, мұз қататын және сең жүретін кезде апаттан құтқару және іздеу жұмыстарына арналған. Тағы бір маңызды жайт: «Шерп» Каспий теңізінің жағалау белдеуіндегі қамыстың өртену ошақтарын сөндіру кезінде де қолданылады, - деп хабарлады ТЖД.

«Шерп» - қысымы аса төмен дөңгелекті амфибиялық жол тағамайтын көлік. Биіктігі 70 см-ге дейінгі кедергілерден өте алады, суда жүзеді және судан мұзға шығуға қабілетті. Дөңгелегінің диаметрі - 160 см, құрлықтағы ең жоғарғы жылдамдығы - 45 км/сағ, судағы - 6 км/сағ.

Фото: azh.kz/FarkhatAbilov 


Тағы бір айта кететін жайт, «Шерп» Каспий жағалауының батпақтарымен жүре алады. Енді өрт сөндірушілер өртеніп жатқан қамысты сөндіре алады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

1 сәуір 2021, 16:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.