Атырау, 18 мамыр 16:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жаңаөзендіктер "Жұмыс жасаймын" жобасымен жұмыс тапты

3 392 просмотра

Жаңаөзен қаласында тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал ету мақсатында "Жұмыс жасаймын" жобасы іске асырылуда. Бұл туралы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Zakon.kz хабарлайды.

Биыл 1 сәуірден Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтарды "Жұмыс жасаймын" жобасы арқылы жұмыспен қамту жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыссыздар кезегінде 76 адам тұр. Олардың ішінен 28 адамға "СтройПластАктау" ЖШС мекемесі, 48 адамға "Korkem Alem" ЖШС мекемесі жұмыс береді.

Бұдан бөлек, Рахат ауылында сиымдылығы 300 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарында 85 адам, Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысында 85 адам жұмыс істеп жатыр.

Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше мұндай шаралар жүзеге асыру арқылы қаладағы жұмыссыздық мәселесі кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отыр.

1 сәуір 2021, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.