Атырау, 18 мамыр 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Бекіре-2021» акциясы басталды

2 944 просмотра

Бүгін, 1 сәуірде Қазақстанның батысында 31 мамырға дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында өтетін дәстүрлі «Бекіре» балық қорғау акциясы басталды. Бір күн бұрын Атырау қаласында ҚР Экология министрлігі жанындағы Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман ЖҮНІСОВТІҢ қатысуымен Үйлестіру штабының отырысы өтті.

Оның айтуынша, «Бекіре-2021» акциясына бұрынғы жылдардағыдай құқық қорғау және табиғат қорғау органдары, сондай-ақ шекарашылар бірлесіп қатысады. Стационарлық және жылжымалы бекеттер, мобильді рейдтік топтар ұйымдастырылды.

- Биыл негізгі күштер Атырау облысының аумағындағы Каспий теңізінің жағалауы мен акваториясында, Жайық пен Қиғаш өзендерінің сағаларында шоғырлануы керек, өйткені дәл сол жерде браконьерлік көрініс байқалуы мүмкін, - дейді Н.Жүнісов.

Бүгін акцияға қатысушылар Жайықтағы бекеттер мен балық аулау учаскелерін тексеріп, Каспий теңізі жағалауының солтүстік бөлігін тікұшақпен шарлап шықты.

Былтырғы «Бекіре-2020» акциясының қорытындысын еске түсірейік.

759 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 33 қылмыстық іс қозғалды, жалпы сомасы 13 млн теңгеге айыппұл салынды, заңсыз айналымнан 13,9 тонна балық (оның ішінде 943,6 кг бекіре), 16,3 кг қара уылдырық, 439 балық аулау құралдары, 20 жүзу және 7 көлік құралдары тәркіленді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Экология департаменті ұсынған сурет

1 сәуір 2021, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.