Атырау, 18 мамыр 14:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қызыл аймақ: Атырау қаласында COVID-19​ жұқтырғандар көбейіп келеді

3 220 просмотра

Тек бір тәулік ішінде Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 51 жағдай расталды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жалпы, облыста Covid-19 жұқтырған 75 адам анықталды. Оның ішінде 51 науқас Атырау қаласынан тіркелді, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 10 адам анықталды, яғни коронавирус жұқтыратындар азайды. Есесіне облыс орталығында инфекция жұқтыру ошағы көбеюде.

Сонымен қатар, Жылыой ауданының 2 тұрғыны, Индер ауданының 1 тұрғыны, Құрманғазы ауданының – 5 және Махамбет ауданының 6 тұрғыны коронавирус жұқтырған.

48 науқастың бойында ауру белгілері байқалады, ал 27 адамда белгі жоқ.

Сонымен қатар, кеше облыста 67 жергілікті тұрғын коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Қазір 242 адам үйден ем қабылдап жатыр, 147 науқас модульді стационарда, 37-сі аудандық жұқпалы аурулар ауруханасында, 266-сы Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатыр. COVID-19 таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта орналасты.

1 сәуір 2021, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.