Атырау, 18 мамыр 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мандарин жегеннен кейін балалар қайтыс болды деген ақпарат жалған

2 730 просмотра

What ‘ sApp мессенджерінде тараған аудиохабарламада қазақстандықтарға апельсин мен мандарин жемеуге кеңес беріледі. Ақтөбеде жеміс жеген бірнеше бала қайтыс болған екен. Бұл фейк, деп хабарлайды stopfake.kz.

Ақтөбе облысының полиция департаменті өмірге қауіпті жемістер туралы ақпарат жоққа шығарды.

– Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.
Сондай – ақ, ҚР қолданыстағы заңнамасында жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске саламыз, – делінген департаменттің Instagram-дағы ресми парақшасында.

31 наурыз 2021, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.