Атырау, 18 мамыр 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Өзбекстан президенті өзіне жала жапқандарға қарсы жаза енгізді

3 077 просмотра

Өзбекстанда президент тарапына қорлау немесе жала жабу дерегіне қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Nuz.uz басылымына сілтеме жасап.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қылмыстық кодекске қосымша құжатқа қол қойды.

"Онда Өзбекстан президентін телекоммуникация желісі немесе интернет арқылы көпшілік алдында қорлап немесе жала жапқандарға 3 жылға дейін түзеу жұмыстарына немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
Бұрын баспасөзді немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, президентті көпшілік алдында қорлағаны немесе жала жапқаны үшін жауапкершілік көзделген болатын", - деп жазды портал.

Өз кезегінде Sputnik Өзбекстан БАҚ пен интернет арқылы бұқаралық тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін де қылмыстық жаза қарастырылғанын хабарлайды. Ол 10 жылға дейін колонияға қамау жазасын көздейді.

31 наурыз 2021, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған