Атырау, 18 мамыр 14:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Медициналық маскада паразиттердің бар екені рас па?

2 157 просмотра

Әлеуметтік желі қолданушысы медициналық маскада паразиттердің барын мәлімдеді.

Ол микроскоппен тексерген роликті желіге жүктеген. Онда бетпердеден үрлеген кезде қозғалатын қара талшықтар табылғанын айқын көрсетті. Айтуынша, бұл моргеллон құрты болуы мүмкін. Елді дүрліктірген роликке қатысты мамандар пікір білдірді. Олардың айтуынша, медициналық маскада ешқандай паразиттер табылмаған. Яғни бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Айта кетейік, көпе-көрнеу жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Татьяна Долгова дәрігер-бактериолог: "Мұнда біз ештеңе көріп тұрған жоқпыз. Талшықтар ғана бар. Олар қаншалықты жасанды екенін айта алмаймыз. Біз мұнда тек мақта мен жіпті байқап тұрмыз. Мұнда қозғалатын заттар, яғни паразиттер жоқ" деді.

Дереккөз:nege.kz

31 наурыз 2021, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.