Атырау, 18 мамыр 15:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыдағы Halyk Arena кешеніне коронавируспен ауырғандарды жатқыза бастады

1 602 просмотра

Halyk Arena спорт кешеніне коронавирус жұқтырып, сырқаттануы орта деңгейдегі науқастар жатқызылып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Halyk Arena кешені науқастарды жатқызу үшін жасақталды. Науқастарды бөлу бойынша онда сырқаты орта деңгейдегі адамдар жатқызылады. Таңертең ол жерде 18 адам болған. Мұндай шешім шаһар жұртшылығы арасында коронавирустың кең тарауына байланысты қабылданды, - делінген хабарламада.

Спорт кешенінде 1000 төсек-орын орналастырылған. Сондай-ақ ондағы науқастарға қажетті медициналық көмек көрсету үшін бар жағдай жасалғаны айтылады.

2020 жылдың маусым айында Almaty Arena мен Halyk Arena кешендерінде коронавируспен ауырған науқастар үшін төсек-орын қойылатыны жайлы айтылған болатын.

Дереккөз:baq.kz

31 наурыз 2021, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.