Атырау, 18 мамыр 15:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Алматыдан келген профессордың жергілікті онкологтарға үйретері бар

2 422 просмотра

- Атырауға Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан БАЛТАБЕКОВ келді, - деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Осыдан бұрын біз Денсаулық сақтау министрлігімен келісім бойынша Атырауда еліміздің жетекші медициналық ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері келіп, вахталық әдіспен жұмыс істейтін болады деп хабарлағанбыз.

Н.Балтабеков Атырау облысындағы қатерлі ісікке шалдығу жағдайымен, аурудың алдын алу жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ қалалық емханаларды аралады. Апта бойы профессор Балтабеков онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау бойынша семинар мен тренингтер өткізеді. Ол сондай-ақ аудандарда да оқыту семинарларын өткізуді жоспарлап отыр.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынды

 

30 наурыз 2021, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.