Атырау, 18 мамыр 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Атырау облысында жаппай вакцина егу сәуірдің ортасында басталады

2 778 просмотра

Бұл туралы «AЖ»-ға облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Қайсар АБДАЛИЕВ хабарлады.

Оның айтуынша, Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп отыр: егер 19 наурызда 82 науқас емделген болса, 29 наурызда 139 адамға жетті.  Ауруханадағы орындардың әзірге тек 21% толған. Облыста ковидтен емделетіндерге арналған 1933 орын дайындалған, оның 71-і жан сақтау бөлімшесінде. Сонымен қатар, 430 резервтік орын бар, оның ішінде 25 жан сақтау бөлімшесінде.

- 1 сәуірде Атырауға 3600 доза вакцина жеткізіледі, ал екінші онкүндікте тағы 14 мың доза вакцина келеді деп күтілуде. Біз белгіленген 8 түрлі басымдық берілген санаттағы мамандардан бөлек, халықтың басқа да топтарына вакцина егуге, яғни жаппай вакцинациялауды бастауға мүмкіндік беретін өзгеріс енгізілген құжатты күтіп отырмыз. Қазір вакцина егуге болатын жас бойынша қойылған шектеу алынып тасталды. Егер бұрын 18 жасқа дейінгі және 60 жастан асқандарға вакцина егуге тыйым салынған болса, енді егде жастағы адамдарға да екпе салынады, - дейді Қ.Абдалиев.

Вакцина егілгеннен кейін 3 күн ішінде алкоголь ішуге және моншаға баруға болмайды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 наурыз 2021, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.