Атырау, 18 мамыр 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ҰБТ электронды форматта өтеді

2 298 просмотра

Биыл талапкерлер ҰБТ-ны алғаш рет электронды форматта тапсырады. Бұл туралы онлайн брифингте облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА хабарлады.

Өткен жылы шұғыл түрде балалардың онлайн оқуға көшуіне байланысты 9 және 11-сыныптарда бітіру емтиханы өткізілген жоқ, ал аттестаттағы жылдық бағалар төрт тоқсанның қорытындысы бойынша шығарылды. Биыл 9-сынып түлектері қорытынды аттестаттаудан өтсе, 11-сынып оқушылары бітіру емтихандарын тапсырады.

- 9-сыныптан кейін 3 пәннен тапсырады – оқыған тілінде эссе, математика және екінші тіл (орыс тілі – қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін, қазақ тілі – орыс тілінде оқитын сыныптар үшін) бойынша жазбаша емтихан тапсырады. 11 сыныптан кейін - 4 пән: оқыған тілде эссе, математика, Қазақстан тарихы, екінші тіл бойынша емтихан тапсырады, - деді білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Болат АТЫБАЙ.

Биыл ҰБТ бойынша өзгеріс көп. Біріншіден, жоғарыда айтылғандай, тестілеу алғаш рет электронды форматта өткізіледі. Екіншіден, грантқа тегін тестілеу 3 ай бойы – 10 сәуір мен 30 маусым аралығында өтеді, талапкер тестілеу орталығының сайтында өзіне тапсыруға ыңғайлы күн мен уақытты өзі таңдай алады. Үшіншіден, ҰБТ-ны грантқа тапсыруға талапкердің екі мүмкіндігі болады, бұрынғыдай біреу емес. Нәтижесі тестілеу аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін белгілі болады. ҰБТ-дан кейін ешқандай сертификат берілмейді. Жоғары оқу орындары нәтижені ЖСН бойынша қарап, тексересе алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 наурыз 2021, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.