Атырау, 18 мамыр 15:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2 817 просмотра

Атырау облысының Қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Азамат Серікболұлы Сәлімбаев Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Оны ұжымына таныстырған облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов жұмысына табыс тіледі.   

Азамат Сәлімбаев 1985 жылы 20 шілдеде Шығыс-Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында дүниеге келген. Білімі — жоғары, 2007 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы болып  бастаған. 2008-2020 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігінде эксперттен бастап басқарма басшысына дейін түрлі қызметте істеген. 2020 жылдың сәурінен 2021 жылдың наурызына дейін Атырау облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, жаңа қызметке тағайындалғанға дейін облыс әкімінің кеңесшісі болған. 

29 наурыз 2021, 23:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.