Атырау, 8 мамыр 00:47
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қамауға алу хроникасы

3 425 просмотра

14 наурызда таңғы сағат сегізде Махамбет ауданының 31 жастағы тұрғыны алаяқтық жолмен 76 жастағы зейнеткердің үйіне баса көктеп кіріп, оны пышақпен қорқытып, 14 мың теңге мен алтын бұйымдарды алып кеткен. Келтірілген шығын 114 мың теңгені құрады. Көп ұзамай, полиция оны қолға түсірді. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

* * * * *

14 наурызға қараған түні Амандосов пен Бергалиев көшелерінің қиылысында мас күйдегі 27 жастағы Toyota Land Cruiser жүргізушісі бұрылар алдында бағдаршамның қызыл түсіне тоқтаған Toyota Camry-мен соқтығысты.  Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы («Жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы») бойынша хаттама толтырылды, кейін сот оны 20 тәулікке қамауға алып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырды.

Айта кету керек, жыл басынан бері көлік құралын мас күйде басқарған 114 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

* * * * *

45 жастағы азамат А. түзеу колониясынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды, бірақ «шартты түрде» деген сөздің мағынасын толық түсінбеген сияқты. Кейін бір жыл ішінде ол үш рет тәртіп бұзды – ӘҚБтК-нің 440 («Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу»), 441 Қорқор қоспасын пайдалануға тыйым салуды бұзу») және 492 Қазақстан Республикасы аумағында тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжатсыз жүру») баптарын бұзды. Нәтижесінде сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазасын өзгертіп, жазаның қалған өтелмеген бөлігін өтеуді міндеттейтін қаулы шығарды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

21 наурыз 2021, 01:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.