Атырау, 2 маусым 13:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +25
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Атырауды топырақ басты

2 484 просмотра

Атырауда шаңды дауыл мен көру мүмкіншілігінің төмендеуіне қарамастан, төтенше жағдайлар департаменті сабырлылық танытып отыр. Кеше кешкісін Атырау облысының тұрғындары ұйытқып соққан желдің секундына 17-22 метрге дейін күшейетіні туралы үйреншікті хабарлама ғана алды. 

- Біз ауа райы және дауылды ескертуді жариялау қажеттігі туралы ақпаратты «Қазгидрометтен» аламыз. Ауа райына байланысты трассалар жабылады және көлік қозғалысы шектеледі. Кеше де, бүгін де бізге «Қазгидрометтен» шаңды дауыл туралы хабарлама келген жоқ. Сондықтан қандай болмасын шектеу жариялауға негіз жоқ. Қаладағы ахуал тұрақты, көру мүмкіндігінің нашарлауына немесе желдің күшеюіне байланысты ешқандай оқиғалар тіркелген жоқ: жол-көлік оқиғалары болған жоқ, ғимараттардың шатыры ұшқан жоқ, - деп мәлімдеді Атырау облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі .

Өзімізге «Қазгидрометтің» интерактивті картасының мәліметтерін бақылауға тура келді. Төрт нүкте күлгін түске боялған, бұл ауаның қауіпті ластану деңгейін білдіреді, ал біреуі -қызыл түсті, бұл ластанудың жоғары деңгейін көрсетеді.

Бигелдинов көшесі, 10 А (Ескі әуежай) мекенжайында орналасқан №6 бақылау нүктесінің маңында NO2-ің (азот оксиді) - 479 есе, PM10 (ірі шаң бөлшектері) - 122, PM2.5 – 131 есе асқаны байқалды. №5 бақылау нүктесі: Атырау, Сәтпаев даңғылы мен Владимирский көшесінің қиылысы. Жилгородокта: H2S (күкіртсутек) – 8 есе, NO2 - 40, PMtot (жалпы шаң) – 300 есе көбейген. №1 бақылау нүктесі: Атырау, Азаттық даңғылы, Әуезов даңғылының бұрышы: H2S - 8, PMtot – 300 есе, №8 бақылау нүктесі: Атырау қ., Сырдария к-сі, 3: H2S – 8 есе артқаны, Перетасктада СО (көміртек оксиді) - 4466 есе асқаны байқалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

17 наурыз 2021, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.