Атырау, 4 мамыр 15:51
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атыраулықтар жергілікті медицинаның осал тұстарын тізіп берді

2 532 просмотра

Атырау тұрғыны Мира РЫСҚАЛИЕВАНЫҢ әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған облыс медицинасының жағдайы туралы жазбасы облыс орталығындағы медицина мекемесі басшыларының жалпы жиналысын өткізуге себеп болды. Кездесуге жарияланым авторлары да шақырылды.

Стационардан шыққаннан кейін Мира бір өзі қалған. Қозғалуға әлі келмеген, ал оған үнемі анализ тапсырып тұру керек болды. Гепатологты (бауыр мен өт жолдарын емдейтін дәрігер) іздеп, әйел WhatsApp тобына жиналған ұқсас ауруы бар бірнеше ондаған адаммен танысады. Олар емдеу тәжірибесімен бөлісіп, облыстағы медицина сапасының жағдайы нашар деген қорытындыға келді.

- Қарапайым мысал: Біз Сызғанов атындағы ҰХҒК-нан профессорды және екі дәрігерді жеке шақырдық, кеңес алу үшін бізге МРТ нәтижесі қажет болды, ал тұрғылықты жеріміздегі емханалар бізге жолдама беруден бас тартты. Мен «Qoldau»  желісіне хабарласып, МӘМС шеңберінде осы қызметтің жеткізушісі кардиоорталық екенін білдім. Ал дәрігер, меңгеруші, емхана директорлары бұл туралы хабарсыз, - дейді әйел.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ дәрігердің бәрі бірдей МӘМС шеңберінде медициналық қызмет көрсету ережесімен таныс емес екенін мойындап, осы бағытта жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол емхана басшыларына бір медициналық қызмет көрсетушімен емес, бірнешеуімен келісімшарт жасау қажеттігін еске салды. Бұл жағдайда бір мекемеде жабдық істен шықса, науқастар уақыт үнемдеп, басқа жерде тексеруден өтеді.

Науқастар үшін тағы бір өте күрделі проблема - бұл №2 ауруханадағы (Нұрсаядағы жұқпалы аурулар ауруханасы) калибрленбеген фиброскан және осы аппаратпен жұмыс жасайтын мамандардың жетіспеушілігі.

- Маман бар болғаны бір сағатқа қабылдайды, ал 60 минут ішінде ақылы және ақысыз пациенттерді тексеріп үлгеруі керек. Хаттамаға сәйкес, аппаратта бір науқасты ауруына байланысты тексеруге 15-20 минут немесе одан да көп уақыт кетеді. Мен уақытын белгіледім, маған бар болғаны 6 минут уақыт кетті. Содан кейін маған қорытынды берді, соған сәйкес бауырдағы қатерлі ісік алдындағы жағдай деген диагноз қойды. Одан гепатологтың еңбек демалысынан шығуын күтуге тура келді. Босқа күтіппін, гепатолог фибросканның қорытындысы нақты емес екенін, қағаздағы сызылған жерлер құрылғының калибрленбегендігінен деп, мені бұл қағазбен қабылдамады, - дейді пациенттің бірі. Қалған пациенттер оны қолдап, басқа елде, мысалы, көрші Ресейде фибросканмен қатар бауырды ультрадыбыстық тексеру жүргізілетінін айтты.

№2 облыстық аурухананың директоры Мағжан СИДЖАНОВТЫҢ айтуынша, фиброскан 2013 жылы сатып алынған және 2018 жылдан бері калибрленбеген. Келісімшарт бойынша 1,5 миллион теңге тұратын барлық профилактикалық және калибрлеу қызметін аурухана аппаратты жеткізген алматылық дистрибьютордан алуы тиіс.

Карантиндік шектеулерге байланысты компания мамандарын Атырауға жібергісі келмеді. Нәтижесінде калибрлеуге арналған датчиктер курьер арқылы Алматыға жіберіледі және осы процедурадан кейін олар бізге дәл осылай қайта келеді деп келісілді. Жақында ауруханаға жас маман келіп, бұл кезекті азайтып, анағұрлым сапалы тексеру жүргізуге мүмкіндік береді.

Созылмалы ауруы бар науқастар үшін тегін дәрі-дәрмектің тапшылығы тұрақты проблема болып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бұл күн сайын көп шағым түсетін өзекті мәселе.

Дәрі-дәрмектерді «СК-Фармация» ЖШС-нің бірыңғай дистрибьюторы жеткізеді, бірақ бүгінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының оған қояр талабы аз. Соңғы бір-бір жарым жылда олар менеджмент, қызмет көрсету, логистика және қолдау жағынан үлкен серпіліс жасады. Көбінесе проблемалар дұрыс жоспарланбағандықтан, тікелей емханалардың кінәсінен туындап жатады. Бұл проблема тек бізде ғана емес, еліміздің басқа аймағында да бар. Емхана басшылары 2020 жылы тегін дәрі-дәрмек алушылар тізімі кеңейгенін, егер бұрын олар тек 5 жасқа дейінгі балаларға арналған болса, енді 18 жасқа толмаған балаларға тиесілі екенін атап өтті. Бұдан басқа, жаңалықтар қатарында - дәрі-дәрмек егер өз емханасында болмаса, оны басқа емханада алу мүмкіндігі бар.

Ауруханаға жатқызу порталының жұмысына науқастар көп шағымданады. Неліктен бізді ауруханаға жатқызудан бас тартады және жалпы әлеуметтік маңызы бар, созылмалы аурулары бар пациенттер жылына қанша рет ауруханаға жатқызылады деп сұрайды олар.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, жоспарлы ауруханаға жатқызу Денсаулық сақтау министрлігінің №761 бұйрығымен реттеледі. Онда тәртібі көрсетілген және ауруханаға жатқызуға болатын аурулар тізімі көрсетілген қосымшасы бар. Жылына қанша рет ауруханаға жатуға болады деген арнайы келісілген норма жоқ, бірақ жалпы біздің медицина стационарлық көмек көлемін азайтуға бет бұруда. Жедел және хирургиялық науқастарға ауруханаға жатуға басымдық беріледі. Қалғаны үшін - динамикалық бақылау және мерзімді тексеру, қажет болған жағдайда - күндізгі стационарда ем алады.

Науқастар шағымданатын тағы бір жайт – белгілі бір сала дәрігеріне тек учаскелік дәрігер арқылы жазылу қажеттілігі. Жалпы тәжірибе дәрігеріне бірнеше күн бұрын жазылу керек, өз емханаңдағы белгілі бір сала мамандарына бір апта бұрын, ал облыстық ауруханада кеңес алу бір айға немесе бір жарым айға созылуы мүмкін.

Нәтижесінде адамдар босқа уақыт жұмсап, ауру асқынады. Өкінішке орай, мұндай жағдайда жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері дәрменсіз - бұл Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен және бүкіл елде қолданылатын хаттама талаптары.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 наурыз 2021, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.