Атырау, 20 мамыр 02:42
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Макс Боқаев Атырау полициясы ғимаратының алдында жеке пикет өткізді

Сурет Бейнежазба
2 415 просмотра

13 наурызда Атырау қалалық полиция басқармасы ғимаратына кіре берісте азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған тағы бір белсенді Әлібек МҰСАҰЛЫН қолдау үшін жалғыз өзі пикет өткізді. Бұл іс бойынша сот процесі кеше өтуі керек.

Боқаев полиция ғимаратына сағат 12.30-да «Әлібекке бостандық! Репрессиялар тоқтатылсын!" деген жазуы бар плакат ұстап келді.

- Атырау қаласының тұрғыны Әлібек Мұсаұлын полиция қызметкерлері алып кетті - біз не себепті екенін білмейміз. Мен Әлібектің босатылуын талап етемін. Оның екі баласы бар, оларды мектепке, балабақшаға апару керек. Менің ойымша, мұнда саяси астар бар. Ол жай азаматтық пікірін білдірді, - деді Макс Боқаев.

Осы кезде полиция ғимаратынан бірнеше адам, оның ішінде ішкі саясат басқармасының қызметкерлері шықты. Басқарма бастығының орынбасары Қуандық (фамилиясын айтпады):

- Сіз жергілікті атқарушы органға 5 күн бұрын өтініш жібермегендіктен, 2020 жылғы 25 мамырдағы бейбіт митингілерді өткізу туралы заңнаманы бұзып отырсыз. Сіздің әрекетіңіз заңсыз, - деді ол.

- Бұл менің конституциялық құқығым. Не себепті Әлібекті алып кетті? Сот әлі болған жоқ, - деді М.Боқаев. Бір минуттан кейін оны және болып жатқан жағдайды телефонына түсіріп жатқан Қасым ҚОЖАНТАЕВТЫ ғимарат ішіне алып кетті.

Белсенділерден білгеніміздей, жақында Исатай мен Махамбет алаңында өткен митингтерге қатысқан Тойған ӘУБЕКЕРОВАНЫ да полицияға алып кеткен. 10 наурызда Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 7-тармағы бойынша («Қазақстан Республикасының бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу») 145 850 теңге көлемінде айыппұл салған.

Боқаев пен Қожантаевтан түсініктеме алғаннан кейін ҚПБ-нан босатылғаны белгілі болды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

14 наурыз 2021, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.